Accessibility links

Краснодар, Томск және Новосибирскіде "Надоел" акциясына рұқсат берді


"Открытая Россия" қозғалысының Қазан қаласындағы акциясы (Көрнекі сурет).
"Открытая Россия" қозғалысының Қазан қаласындағы акциясы (Көрнекі сурет).

Ресейдің Краснодар, Томск және Новосибирск қалаларының басшылығы 29 сәуір күні "Открытая Россия" қозғалысының "Надоел" деп аталатын акциясын өткізуге рұқсат берді. Акцияға қатысушылар президент Владимир Путиннен алдағы президент сайлауына қатыспауды сұрамақ.

Краснодарда митинг Победа алаңында өтеді. Ұйымдастырушылар бұдан соң шеру өткізбек болған. Бірақ билік оған рұқсат бермеді деп хабарлайды "Югополис" сайты. ТВ2 телеарнасы Томскіде акция Ново-Соборная алаңында өтетінін хабарлады. Ал "Тайга.инфо" сайты Новосибирск билігі акция өткізуге рұқсат бергенін, бірақ оны алаңда емес, кинотеатрға ауыстырғанын хабарлады.

Кеше Мәскеу мэриясы да "Открытая Россия" қозғалысының акциясын өткізуге рұқсат бергені, бірақ ұйымдастырушыларға оны Сахаров даңғылында өткізуді ұсынғаны белгілі болған. Ал Санкт-Петербург билігі акцияға рұқсат бермеген.

29 сәуірде өтетін "Надоел" акциясының қалай өтетіні өткен сенбіде белгілі болған. РБК агенттігінің ақпаратына қарағанда, акцияларда Ресей бойынша Владимир Путин әкімшілігіне президентті 2018 жылы өтетін сайлауға кандидатурасын ұсынбауға шақыратын үндеулер жолдау жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG