Accessibility links

Алматы: Ақсай шатқалында лай көшкіні жүрді


Алматының жоғарғы жағындағы үйлер (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін таңертең Ақсай шатқалында лай көшкіні жүрді деп хабарлады "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі.

Алматының Жандосов көшесінен жоғары қарай 10 километр қашықтықта көлік жүретін жолды лай көшкіні жауып қалғаны туралы ақпарат таңертеңгі сағат 8:46-да түскен. Көшкін көлемі 160 текше метр болған.

Көшкіннен құрбан болған, я жапа шеккен ешкім жоқ. "Қазселденқорғау" мекемесі жолды мекеме техникалары тазалап жатқанын айтады.

Алматыда лай көшкіні осы айда осымен екінші рет жүріп отыр. 13 сәуірде Бостандық ауданы аумағындағы "БАК Алма" көшесіне қарама-қарсы №28 үйге қарай көлемі 30 текше метр болатын лай көшкіні жүрген. Көшкіннен жолдың бір бөлігі жабылып, телефон бағанасы зақымданған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG