Accessibility links

Назарбаев "сақал сапситып, балақ кесуді" сынады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы орталық мешітке келген кез. Көрнекі сурет

Қазақстан президентінің ресми вебсайтының хабарлауынша, 19 сәуірде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жетекшілерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев "жас буынның діни сауатсыздығы" туралы пікір білдірді.

Akorda.kz вебсайтының жазуынша, Назарбаев: "Соңғы кезде жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап, бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сенімімізге де, дәстүрімізге де келмейді. Қазақта қара киім кісі өлгенде киеді" деген.

Ресми мәліметке сәйкес, кездесу кезінде Назарбаев ҚМДБ-ға қарайтын имамдардың біліктілігін арттыру және "дәстүрлі емес діни ағымдармен" күресу мәселелерін талқылаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG