Accessibility links

Халықаралық сот Ресейден Қырым татарларының құқығын қорғауды талап етті


Халықаралық соттың Украинаның Ресейге қарсы шағымы бойынша аралық шешім шығаратын отырысы. Гаага, Нидерланд, 19 сәуір 2017 жыл.
Халықаралық соттың Украинаның Ресейге қарсы шағымы бойынша аралық шешім шығаратын отырысы. Гаага, Нидерланд, 19 сәуір 2017 жыл.

Гаагадағы Халықаралық сот Украинаның шағымы бойынша Ресейден Қырым татарларының құқығын қорғауды және Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - меджлистің қызметіне салған шектеуін алып тастауды талап етті. Сот сонымен қатар Ресей аннексиялап алған Қырым тұрғындарына украин тілінде білім алуына мүмкіндік беруді де талап етті. Ресей билігі бұған дейін меджлисті экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған болатын.

Халықаралық сот Украинаның Ресейдің Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетуіне тоқтау салу шараларын жасау туралы талабын қабылдамай тастады. Халықаралық сот Киевтің бұл талабына келтірген дәйектері шара қолдануға жеткіліксіз деп тапты. Гаага сотының бұл шешімі аралық шешім болып саналады, себебі Киевтің Ресейге қарсы шағымы әлі толыққанды қаралған жоқ.

Украина Халықаралық сотқа Рсеейге қарсы шағымын биыл қаңтарда түсірген. Киев Ресейді БҰҰ-ның терроризмді қаржыландыруға қарсы және нәсілдік кемсітушіліктің барлық формасын жою жөніндегі іс-қимыл конвенциясын бұзып отыр деп айыптайды. Шағым Кремльдің Қырымды аннексиялап алып, Донбастағы қарулы қақтығысқа килігуіне байланысты берілген. Мәскеу өзіне тағылған айыптарды теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG