Accessibility links

Ресейлік бес атлет екі жылға жарыстардан шеттетілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік бес жеңіл атлет тыйым салынған туринабол препаратын қолданғанын мойындаған соң екі жылға жарыстардан шеттетілді деп хабарлады Дүниежүзілік жеңіл атлетика федерациясы. Спортшылар арасында Лондон олимпиадасында күміс жүлде алған екі атлет - ядро лақтырушы Евгения Колодко мен эстафетаға жүгіруші Антонина Кривошапка бар. Бұл екеуі де бұған дейін Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен медальдарын қайтарған. Енді олар 2012-2013 жылдардағы жарыстарда алған басқа да медальдарын қайтарады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар шарбалға лақтырушы Анна Булгакова, диск лақтырушы Вера Ганеева және сырықпен секіруші Дмитрий Стародубцев та жарыстардан шеттетілді.

2015 жылдан бері ресейлік көптеген белгілі атлет допинг қолданды деп айыпталып, оннан астам атлет 2012 жылдан кейін алған медальдарын қайтарған. Ресейлік жеңіл атлеттер әлі де халықаралық жарыстардан шеттетілгенімен, кейбіріне биыл Лондонда өтетін чемпионатқа бейтарап түрде қатысуға рұқсат берілген.

XS
SM
MD
LG