Accessibility links

Украиналық биатлоншы өзін жарыстан шеттету шешіміне шағымданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Спорттық арбитраж соты 19 сәуірде украиналық биатлоншы, 2016 жылы допиг сынамасынан мельдоний белгілері табылған соң жарыстарға қатысудан шеттетілген Ольга Абрамовадан жарысқа қатысу тыйымын жойды. Абрамова жарыстарға бір жылға дейін қатысу құқығынан айырылған еді.

Сот Ресейден шыққан, Украина атынан жарысқа қатысатын Ольга Абрамованың іс-әрекетінде заң бұзушылық таппаған. Сот қаулысы бойынша, Абрамова мельдонийді 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін - бұл препаратқа тыйым салынбай тұрғанда қолданған және ол препараттың белгілері организмде допинг сынағынан өтетін 10 қаңтарға дейін қалып қоятынын білмеген.

28 жастағы Абрамова Халықаралық биатлоншылар одағының өзін жарыстардан шеттету туралы шешіміне шағымданған. Сот Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің ережесіне сүйеніп, Абрамованың 2016 жылдың 10 қаңтарынан 3 ақпанына дейінгі аралықта қатысқан жарыстарының көрсеткіштерін жоюға шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG