Accessibility links

Ресей БҰҰ-ның Пхеньянның сынақтарын айыптайтын құжатына қарсы шықты


Әскери парад кезіндегі зымырандар тиелген әскери көліктер. Пхеньян, 15 сәуір 2017 жыл.
Әскери парад кезіндегі зымырандар тиелген әскери көліктер. Пхеньян, 15 сәуір 2017 жыл.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынақтар жасауын айыптайтын мәлімдемесін қабылдатпай тастады.

Мәлімдеме жобасында Пхеньяннан зымыран сынағын тоқтатуды талап етілген және "баллистикалық зымырандарға қатысты заңсыз іс-қимыл жасау ядролық қару жасау жұмысының бір бөлігі саналатыны" айтылған.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеме жобасына қарсы шыққан жалғыз мемлекет болды. Пхеньянның жақын одақтасы Пекин жобаны қолдады. Дипломаттардың сөзінше, Мәскеу қақтығысты "бейбіт, дипломатиялық жолмен" шешу ниетін жеткіліксіз деп санап, жобаға "диалог арқылы" деген тіркес қосуды талап еткен. Аты-жөнін атамаған дипломаттың CBS телеарнасына сұхбатында айтуынша, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Мәскеудің Пхеньянның іс-әрекетін жария түрде айыптау процесі - заңдық күші жоқ мәлімдемені қабылдауға не себепті кедергі келтіріп отырғанын түсінбейді.

28 сәуірде Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған жиын өткізеді. Отырысқа АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон төрағалық жасайды. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш баяндама оқиды. Жиынға Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері шақыртылған.

XS
SM
MD
LG