Accessibility links

"Балабақшада баланы ұрған" жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды


Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы балабақшаларының бірінде тәрбиеші кәмелетке толмаған бүлдіршінді ұрғаны көрсетілген бейнежазбаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны деп хабарлады Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

17-сәуір күні Youtube желісінде Созақ ауданы Тайқоңыр ауылындағы "Арай" балабақшасында түсірілген деген жазумен бейнежазба жарияланған. Онда балабақша тәрбиешісі балаларға ұрсып, бір баланы ұрғаны түсірілген.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне енгізіліп, қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігімен ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") тіркелді. Қазір полицейлер оқиғаның қай жерде болғанын және барысын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG