Accessibility links

СҚО: Сергеев су қоймасындағы су деңгейі әлі жоғары


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облысындағы (СҚО) Сергеев су қоймасында су бүгін таңертең қалыпты деңгейден 2,9 метрден асып тұрды деп хабарлады Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз хатшысы Евгений Журавлев. Бір күн бұрын Есіл өзеніне салынған Сергеев қоймасындағы су қалыпты деңгейден үш метр асып тұрғаны хабарланған еді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов 18 сәуірде журналистерге сыйымдылығы 693 миллион текше метр болатын су қоймасында су сыйымдылығынан 64 пайызға көп екенін айтқан.

ТЖД кеше алдағы бірнеше күнде Есіл өзенінің аңғарлары арқылы көп көлемде су жүруі мүмкін екенін ескерткен.

Бұл су қоймасына қатысты су шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік мекеменің облыстық филиалынан ақпарат алу мүмкін болмады. Есіл өзені Қызылжар, Есіл және Шал ақын аудандарының территориясымен өтеді. Петропавлға жақын өзен аңғарларының бойында саяжай массивтері орналасқан.

ТЖД ақпаратына қарағанда, айдың басынан бері облыста жүздеген үй мен ауланы су басқан. Осы аптаның басында төтенше жағдайлар қызметі Ғабит Мүсірепов ауданы мен Айыртау ауданындағы алты елді мекенде еріген қар суы кем дегенде 259 үйді басқанын хабарлаған. Ғабит Мүсірепов ауданында осы апта басында төтенше жағдай жарияланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG