Accessibility links

Халықаралық ғарыш станциясына 51-экспедиция ұшырылды


Фотографтар Байқоңырдан "Союз" ғарыш кемесінің ұшырылғанын суретке түсіріп тұр. Қызылорда облысы, 20 сәуір 2017 жыл.
Фотографтар Байқоңырдан "Союз" ғарыш кемесінің ұшырылғанын суретке түсіріп тұр. Қызылорда облысы, 20 сәуір 2017 жыл.

Байқоңырдағы космодромнан халықаралық ғарыш станциясына 51-халықаралық экспедиция ұшырылды. Ғарышқа ұшырылған "Союз" кемесінің бортында ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин мен америкалық астронавт Джек Фишер бар. Олар ғарыш станциясында жарты жылға жуық уақыт болады. Қазір станцияда ресейлік ғарышкер Олег Новицкий, америкалық астронавт Пегги Уитсон мен француз астронавты Тома Песке жұмыс істеп жатыр.

Фишер ғарышқа бірінші рет ұшырылып отыр. Юрчихин бұған дейін ғарышқа үш рет ұшқан. Олар ғарыш станциясында биология, биотехнология, физика және Жер туралы ғылымдар саласында ондаған тәжірибе жүргізу жұмыстарымен айналысады.

XS
SM
MD
LG