Accessibility links

Қырғызстан парламенті БАҚ туралы заң жобасын мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан парламенті БАҚ-ты тек қырғыз азаматтарының құруына рұқсат беретін "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Құжатты парламенттегі отырысқа қатысқан 105 депутаттың 104-і қолдады.

Заң жобасында республикада БАҚ-ты, әсіресе телеарнаны кімдердің құруға құқығы бары айтылған. Жобада БАҚ пен саяси партияларды заңды тұлғалардың құра алатыны көрсетілген.

Заң жобасын даярлағандар әуелде медиаресурстардың шетелдер мен сырттан алатын қаржысының көлемін 20 пайызға дейін азайтуды ұсынған. Кейін жобадағы БАҚ капиталындағы шетелдіктердің үлесі 35 пайыздан аспауы тиіс деген ережені өзгертпеу туралы ұйғарым жасалды.

Жобаны даярлағандардың сөзіне қарағанда, түзетулер телеарналарға ғана қатысты ұсынылған, өзгерістердің газет пен радиоға қатысы жоқ.

XS
SM
MD
LG