Accessibility links

ҰҚК: "ИМ-ді қолдауға шақырған" 11 адам ұсталды


Ақтөбедегі отбасылық жатақхана алдында тұрған полиция көлігі (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі отбасылық жатақхана алдында тұрған полиция көлігі (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ішкі істер органдарымен бірлесіп, арнайы операция жүргізгенін, оның барысында терроризмді насихаттады және діни алауыздық тудырды деген күдікпен 11 адам ұсталғанын хабарлады.

"Төрт радикалдық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл топтардың өкілдері материалдар таратып, Қазақстанда тыйым салынған халықаралық ДАИШ ұйымын қолдауға шақырған" делінген ҰҚК хабарламасында. ДАИШ - "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының араб тіліндегі нұсқасының қысқыртылған атауы.

ҰҚК-нің бұл хабарламасына қатысты қандай да бір өзге ресми органдардан ресми комментарий түспеді. Бұған дейін Сирияда ИМ қатарында Қазақстанның жүздеген азаматы соғысып жүргені хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG