Accessibility links

"Союз" Халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісті


"Союз" кемесінің ғарышқа ұшырылған сәті, Байқоңыр, 20 сәуір 2017 жыл.

Ресейлік және америкалық ғарышкерлерді алып ұшқан "Союз" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) сәтті түйісті деп хабарлады Роскосмос. Кеме станцияға ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин мен америкалық астронавт Джек Фишерді жеткізді. "Союз" он жылдан астам уақыттан бері бірінші рет екі ғарышкермен ұшырылып отыр. Әдетте бұл кемелер ғарышқа үш экипаж мүшесімен ұшатын.

Өткен жылы Ресей енді көбіне ғарышқа бұрынғыдай үш адамды емес, екі адамды алып ұшатынын мәлімдеген. Роскосмос осы жылдың соңы немесе келесі жылдың басында ХҒС-ның Ресейге тиесілі секциясын кеңейту үшін жаңа модуль орнататын тұста станцияны жабдықтау шығындарын азайтуға талпынып жатқанын хабарлады.

Соңғы рет екі ғарышкерден тұраты миссия орбитаға 2003 жылы жіберілген. Юрчихин мен Фишер ХҒС-та бес ай болады. Қазір станцияда Ресей, АҚШ және Францияның үш ғарышкері бар.

AzattyqTV

Алматының "Буревестнигі" СССР чемпионы болған кез
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG