Accessibility links

ЕО "Иегова куәгерлері" ұйымын жапқан Ресейді конституцияны сақтауға шақырды


Ресейдегі "Иегова куәгерлері" діни ұйымының құлшылық жасайтын үйлерінің бірі (Көрнекі сурет).
Ресейдегі "Иегова куәгерлері" діни ұйымының құлшылық жасайтын үйлерінің бірі (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Ресей Жоғарғы сотының "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік ұйым деп тану "елде ұйым жақтастарын қылмыстық қудалауға әкеліп соқтыруы мүмкін деп мәлімдеді.

ЕО сыртқы істер комиссары кеңсесінің мәлімдемесінде "Иегова куәгерлері" ұйымы басқа да діни топтар сияқты, Ресей конституциясы және осы елдің адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сай жиналу құқығына ие болуы тиіс.

20 сәуірде Ресей Жоғарғы соты әділет министрлігінің шағымы бойынша "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған. Сот сонымен қатар ұйымның мүліктерін тәркілеуге шешім шығарған. Діни ұйым тыйы салу Ресейдегі екі мыңнан астам діни қауымына кері әсер ететінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG