Accessibility links

Шымкентте екі жұмысшы қатты жараланып қалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірінде екі жұмысшы қаты жараланып, жедел жәрдем станциясына жеткізілген. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы хабарлады.

Еңбек инспекциясының өкілі Бегман Нұрмахановтың айтуынша, өндірістегі жазатайым жағдай бойынша еңбек инспекциясына хабарлама бүгін түскен. Шымкенттегі "НұрСтрой ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 21 сәуірге қараған түні екі жұмысшының үстіне құрылыс материалдары түсіп, жарақат алған.

- Жұмысшылардың жарақаты ауыр. Қазір олар қалалық жедел жәрдем станциясында жатыр. Бұл іс бойынша арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы 10 жұмыс күнінде анықталады, - деді Бегман Нұрмаханов.

Дәрігерлер екі жұмысшының бірі жан сақтау бөлімінде жатқанын, екіншісінің жағдайы қалыпты екенін айтады.

XS
SM
MD
LG