Accessibility links

Сирияда қоршаудағы қалалардан адамдарды эвакуациялау аяқталды


Сирияның солтүстігіндегі қоршаудағы қалалардан эвакуацияланған адамдар. 21 сәуір 2017 жыл.

Сирияның солтүстігінде үкімет армиясының қоршауындағы төрт қаладан бейбіт тұрғындар мен көтерілісшілерді эвакуациялау аяқталды.

Қарулы жанжалға қатысушы тараптар арасындағы уағдаластыққа сәйкес, мыңдаған адам - бейбіт тұрғындар және отбасы ерткен көтерілісшілер үкімет күштерінің бақылауындағы Алеппо қаласына жеткізілген.

Бұған дейін ресми Дамаск және Башар Асад билігінен түрмеде отырған 750 жақтасын босатуды талап еткен қарулы оппозиция арасындағы келісімге қол жеткенге дейін қоршаудағы қалалардан эвакуациялау 48 сағатқа тоқтатылған еді. Билік түрмеден 500 тұтқынды сәуірдің 21-і күні, қалған 250 адамды кейінірек босатуға келіскен деп хабарлайды сириялық құқық қорғаушылар.

Сәуірдің 15-і күні қоршаудағы қалалардан бейбіт тұрғындарды Алеппоға апара жатқан автобустар қасында жасалған жарылыс салдарынан 100-ге жуық адам мерт болған. Дамаск шабуылды жанкешті жасаған деген ақпарат таратты, бірақ экстремистік топтардың ешбірі бұл жарылысқа жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG