Accessibility links

Парижде полиция қызметкерін өлтірушінің сыбайластарын іздеп жатыр


Полиция қызметкеріне шабуыл жасалған жердер тұрған полиция көліктері. Париж, 20 сәуір 2017 жыл.
Полиция қызметкеріне шабуыл жасалған жердер тұрған полиция көліктері. Париж, 20 сәуір 2017 жыл.

Франция тергеушілері сәуірдің 20-сы күні Парижде бір полиция қызметкері қаза тауып, тағы үш адам – екі полиция өкілі мен германиялық турист зардап шеккен қарулы шабуылға күдікті саналатын Карим Шерфидің ықтимал сыбайластарын іздестіріп жатыр.

Оқиға орнында оққа ұшқан күдіктінің автокөлігінен аңшы мылтығы, оқтар, пышақтар мен Құран табылғаны туралы хабарланған. Париждің шығыс жақ шетіндегі ол тұрған үйге тінту жүргізіліп, мобиль телефон және компьютер алынған.

Франция азаматы, 39 жастағы Карим Шефридің бұған дейін полиция өкілін өлтірмек болғаны үшін сотталғаны, полиция қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасағаны үшін оны бірнеше мәрте жауапқа тартпақшы болғаны, айғақ жеткіліксіз болғандықтан наурыз айында оны босатқаны туралы хабарланған. Сонымен бірге Шефридің экстремистермен байланысы туралы ешкім ештеңе білмеген.

Париждегі терактіге жауапкершілікті алатынын мәлімдеген «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы шабуыл жасаушыны «бельгиялық сарбазымыз Абу Юсуф әл-Балжики» деп атаған. Баспасөз құралдары болса «ИМ өзіне назар аударту үшін бұл оқиғаны пайдаланып қалғысы келіп отыр» деген долбар жасады.

Париждегі шабуылдан кейін іле-шала Франция президенттігіне кандидаттар - Эммануэль Макрон, Франсуа Фийон және Марин Ле Пен сайлауалды кампанияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Франция президенті сайлауының алғашқы кезеңі жексенбі, сәуірдің 23-і күні өтеді.

XS
SM
MD
LG