Accessibility links

Кёльнде "Германия үшін балама" партиясына қарсы акция өтті


Кёльн қаласының көрінісі.
Кёльн қаласының көрінісі.

Германияның Кёльн қаласында "Германия үшін балама" оңшыл популистік партиясы съезі ашылған күні мыңдаған адам оларға қарсы шеруге шықты. Бірнеше жерде полициямен қақтығыс болып, бір полиция қызметкері зардап шеккен. Германиялық баспасөз құралдарының хабарлауынша, демонстранттар партия съезі өтіп жатқан мейманханаға барған делегаттардың жолын бөгеп, жиын уақытынан кеш басталған.

Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға төрт мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылған.

"Германия үшін балама" партиясы съезде сайлауалды бағдарламасын таныстырып, Бундестаг депутаттығына партиядан ұсынылатын кандидаттар тізімін бастайтын лидерін сайлайды деп жоспарланған. Съез қарсаңында партия теңтөрағаларының бірі Фрауке Петри партиялық тізім басында болғысы келмейтіні және тізімдегі алғашқы үштік қатарына да кірмейтіні туралы мәлімдеген. Ол мұны партияның ішіндегі пікір айырмашылығымен түсіндіргенімен, нақты не себеп болғаны туралы ашып айтпаған.

Германия парламентінің кезекті сайлауы биыл қыркүйектің 24-і күні өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG