Accessibility links

Францияда бүгін президент сайлауының алғашқы туры өтеді


Жексенбі, сәуірдің 23-і күні Францияда президент сайлауының алғашқы туры өтеді. Бесінші республика тарихында алғаш рет бірден төрт кандидаттың екінші турға өтуге мүмкіндіктері бар. Францияның сырттағы территорияларында дауыс беру бұған дейін басталып кеткен.

Ipsos Sopra Steria институтының осы аптаның ортасында өткізген сауалнама нәтижесі бойынша, француз азаматтарының 24 пайызы центрист Эмманюэль Макронға, 22 — әсіре ұлтшыл Марин Ле Пенге қолдау білдірген. Оңшыл саясаткер Франсуа Фийон мен Жан-Люк Меланшонның әрқайсысын сайлаушылардың 19 пайызы жақтаған. Француздардың үштен бірі кімге дауыс беретіні жайлы әлі бір шешімге келмеген. Ал тағы үштен бірі дауыс беруге қатыспайтындарын айтқан. Бұл туралы халықаралық француз радиосы хабарлады.

Барлық социологиялық қызметтер өкілдері жексенбі күні кешкі сағат сегізде БАҚ келесі турға екі емес, үш немесе тіпті төрт кандидат өткені туралы хабарлауы әбден мүмкін деп отыр. Егер кандидаттар жиған дауыс айырмашылығы айтарлықтай үлкен болмаса бірден екі кандидаттың алғашқы кезеңде жеңімпаз болғаны туралы айту қиынға соғады дейді социологтар.

XS
SM
MD
LG