Accessibility links

Ауғанстанда әскери базаға шабуылда қаза тапқандарды аза тұтып жатыр


Мазари-Шарифтегі әскери база. Ауғанстан, 22 сәуір 2017 жыл.
Мазари-Шарифтегі әскери база. Ауғанстан, 22 сәуір 2017 жыл.

Ауғанстанда президент Ашраф Ғанидің шешімімен бүгін, 23 сәуір Мазари-Шарифтегі әскери базаға жұма күні жасалған қарулы шабуыл кезінде қаза тапқан сарбаздарды ұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен жараланған адам саны жүзден асады деп хабарлағанымен нақты санын келтірмеген. Аты-жөнін атамаған ресми мекеме өкілі Reuters агенттігіне кемінде 140 сарбаздың мерт болғаны туралы айтқан. Тағы бір дерек көзінің сөзінше, құрбан болғандар саны бұдан да көп.

Бұған дейін сәуірдің 21-і күні үкімет әскерилері сияқты киінген оншақты адам әскери база аумағына кіріп, сол жерде орналасқан мешіттен жұма намазынан шығып келе жатқан сарбаздарға және асханадағы әскерилерге оқ жаудырғаны туралы хабарланған. Куәгерлердің сөзінше, шабуыл жасаушылар минометтер мен мылтықтардан атқылаған, жанкештілер бірнеше жарылыс жасаған.

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанның солтүстігінде қаза тапқан бір лидері үшін «кек алу мақсатында шабуыл жасап, үкімет күштерінен 500 сарбазды өлтірдік» деп мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ әскерилері сәуірдің 17-і күні әуе соққысы нәтижесінде «Талибан» қозғалысы қолбасшыларының бірі сегіз серігімен бірге қаза болғаны туралы хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG