Accessibility links

Алматыда дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтіп жатыр


Қайырымдылық марафонына қатысушылар. Алматы, 28 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
Қайырымдылық марафонына қатысушылар. Алматы, 28 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Алматыда бүгін таңертең дәстүрлі қайырымдылық марафоны басталды деп хабарлайды Tengrinews сайты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осымен алтыншы рет өткізіліп отырған жарысқа қатысуға 13 мың адам ресми тіркелген.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, 42 шақырымға үлкен марафон, 21 километрге жартылай марафон, 10 шақырымға жүгіру, 10-14 жас аралығындағы балалар арасында 3 шақырымға жарыс, 42 шақырымға командалық эстафета, сонымен бірге 10 километрге қос таяқпен скандинавтық жаяу жүрістен бәсекелер өткізіледі.

Алматы марафоны - халықаралық марафон жарыстары ассоциациясы (AIMS) мүшесі. Жарыстан түскен қаржы әртүрлі дертке шалдыққан науқас балаларды емдеуге арналған жобаларға жұмсалады.

XS
SM
MD
LG