Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Новая Ульба ауылы тұрғындарын құтқарушылар қауіпсіз жерге көшіріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жауын салдарынан Үлбі өзенінде су тасыған. Мәлімет бойынша, 14 аула мен 10 саяжай учаскесін су басқан. Көпірге барар жолды су алғандықтан ауыл тұрғындары өзеннің қарсы бетіне өздері өте алмай қалған. Тұрғындарға құтқарушылар тобы жәрдемге келген. Олар 26 ересек адам мен 8 баланы эвакуациялаған. Төрт адам ауылды тастап шығудан бас тартқан. Зардап шеккендер жоқ деп хабарланды.

«Кіші Үлбі өзені – Таулы Үлбі ауылы» бақылау бекетінің ақпараты бойынша, тәулік ішінде өзендегі судың деңгейі 94 сантиметрге көтерілген.

Биылғы көктем кезінде Қазақстанның бірнеше облысында тасқын салдарынан ондаған елді мекенді су алды. Мыңдаған үй су астында қалып, мыңдаған адам көшірілді. Тасқын болған аудандарда бірнеше адам қазаға ұшырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG