Accessibility links

Сирияда уақытша госпитальге әуеден соққы берген


Көтерілісшілер ұстап тұрған Дераа қаласы. Сирия, 12 сәуір 2017 жыл.
Көтерілісшілер ұстап тұрған Дераа қаласы. Сирия, 12 сәуір 2017 жыл.

Сирияның солтүстігінде көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб провинциясындағы уақытша госпитальға әуе шабуылы жасалған. AFP агенттігінің сириялық құқық қорғаушыларға сілтеме жасап хабарлауынша, шабуыл салдарынан 5 медицина қызметкері зардап шеккен, бірнеше адам қиранды астында қалып қойған. Әуе шабуылына ұшыраған госпиталь қызметін тоқтатқан.

Әуе шабуылын нақты кім – Сирия үкіметінің әуе күштері немесе ресейлік әскери ұшақтар жасағаны әзірше анықталған жоқ.

Сенбі күні үкімет әуе күштері елдің оңтүстігіндегі Дераа қаласы маңындағы көтерілісшілер позицияларына соққы бергені туралы хабарланған. Әуеден тасталған бомбалардың бірі мешіт мұнарасына тиген.

Сирияда 2011 жылғы наурызда азамат соғысы басталғалы бері 320 мыңнан астам адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG