Accessibility links

Пхеньянда тегі корей АҚШ азаматын ұстаған


Пхеньян әуежайы. (Көрнекі сурет.)
Пхеньян әуежайы. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Кореяда өткен аптада тегі корей АҚШ азаматы белгісіз себептер бойынша ұсталған деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның Рёнхап ақпарат агенттігі үкіметтегі дерек көздеріне сілтеме жасап.

Агенттік хабарына қарағанда, Ким деген жасы шамамен 50-дегі әлгі адамды Пхеньян әуежайынан шетелге ұшқалы тұрған кезде ұстаған. Бұл америкалық азамат бұған дейін Қытайдағы Яньбянь-Корей автономиялық ауданындағы университеттердің бірінде дәріс берген. Ол Солтүстік Кореяда гуманитарлық жәрдем көрсететін түрлі бағдарламаларға қатысқан.

Солтүстік Корея соңғы бірнеше жылдың көлемінде осымен үшінші АҚШ азаматын ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG