Ресейдің Челябинск облысы Пластов ауданындағы алтын өндіретін шахтада бүгін болған апат салдарынан екі адам мерт болып, біреуі зардап шеккен. Бұл туралы «Интерфакс-Урал» агенттігіне құқық органдарындағы дерек көзі хабарлаған.
Оның мәліметі бойынша, апат болған жерден 133 адам эвакуацияланған. Жексенбі күні шахтада 700 метр тереңдікте кен қабаты опырылып түскен.