Accessibility links

"Германия үшін балама" партиясының сайлау тізімін бастайтындар бекітілді

Германияның Дюссельдорф қаласындағы карнавалдық шеруде Ресей президенті Владимир Путинді еуропалық кейбір популистік партиялардың постерлерін көтеріп тұрған кейіпте бейнелеген карикатура. 13 наурыз 2016 года.

"Германия үшін балама" оңшыл популистік партиясының Бундестаг сайлауына ұсынылатын кандидаттар тізімін Александр Гауланд пен Алис Вайдель бастайды деп хабарлады dpa ақпарат агенттігі. Ондаған мың демонстрант Кёльн қаласындағы партия съезіне қарылық білдіріп жатыр. Полициямен арада болған қақтығыстар және зардап шеккендер туралы хабарлар түскен.

2013 жылға дейін Ангела Меркельді қолдайтын Христиан-демократиялық одағына мүше болған 76 жастағы Александр Гауланд қазір енді "Германия үшін балама" партиясының ұлтшыл консервативтік қанатында және ол Ресеймен жақындасуды қолдайды деп хабарлайды "Неміс толқыны". 37 жастағы бизнес-консультант Алис Вайдель консервативтік либерал бағытына жатады.

Германияда кезекті парламент сайлауы биыл қыркүйектің 24-і күні өтпекші.

XS
SM
MD
LG