Accessibility links

Пхеньян: АҚШ-тың авиа тасымалдағышын суға батыруға дайынбыз


Үнді мұхитында жүрген АҚШ-тың "Карл Винсон" авиа тасымалдағыш кемесі.15 сәуір 2017 жыл.
Үнді мұхитында жүрген АҚШ-тың "Карл Винсон" авиа тасымалдағыш кемесі.15 сәуір 2017 жыл.

Солтүстік Корея Тынық мұхитының батысында жапониялық эсминецтермен бірге әскери жаттығу өткізуге дайындалып жатқан америкалық авиа тасымалдаушы кемені суға батырып жіберетінін мәлімдеп, доқ көрсетті. Мәлімдеме іс басындағы Жұмысшы пратиясының "Родонг Синмун" басылымында жарияланған комментарийде жасалды. "Біздің революциялық күштеріміміз АҚШ авиа тасымалдағышын бір ғана соққымен суға батыру үшін әскери дайындық жағдайында тұр" делінген комментарийде.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран мен ядролық сынақтарын жасауына байланысты Пхеньянмен шиеленісі күшейген тұста Корей түбегі жағалауына жақын маңға "Карл Винсон" авиа тасымалдағышын жіберуге пәрмен берген. Бұған қолдау ретінде Жапония да аймаққ екі эсминецін жіберген. Пхеньян мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен мезгілде Солтүстік Кореяда осы елден шыққан АҚШ азаматының елден шығатын кезде ұсталғаны туралы хабар тарады. Қазір Солтүстік Кореяда АҚШ-тың кем дегенде екі азаматы ұсталған.

XS
SM
MD
LG