Accessibility links

SIPRI: Қазақстан қорғанысқа бөлетін қаржысын азайтты


Әскери парад кезіндегі сарбаздар мен танктер, Астана (Көрнекі сурет).
Әскери парад кезіндегі сарбаздар мен танктер, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстанның 2016 жылы қорғанысқа бөлетін қаржы көлемі 26 пайызға азайып, 1 миллиард 102 миллион долларды құрады деп мәлімдеді Стокгольмдегі Халықаралық бейбітшілікті зерттеу ұйымы (SIPRI) 23 сәуірде жариялаған әлем елдерінің қорғанысқа бөлетін шығын туралы есебінде. Ұйым есебінше, былтыр Қазақстанмен қатар экономикасы мұнайға тәуелді бірқатар ел - Венесуэла, Оңтүстік Судан, Әзербайжан, Ирак, Сауд Арабиясы сияқты оннан астам мемлекет те қорғанысқа бөлетін қаржысын азайтқан. SIPRI бұл елдерде қорғнаыс шығынының азаюы мұнайдан түсетін табыстың кемуімен байланысты дейді.

Ұйым есебіне қарағанда, былтыр Орталық Еуропа елдері 2016 жылы қорғанысқа бөлетін қаржысын ұлғайтқан және оған Ресей тарапынан төнетін қауіп ішінара себеп болған.

"Орталық Еуропа елдерінің көпшілігінде қорғанысқа бөлінетін қаржының ұлғаюы бір жағынан Ресейді қатер төндіретін ел деп қабылдаудың нәтижесі болды" дейді SIPRI есебінде.

SIPRI дегенмен 2016 жылы Ресейдің қорғанысқа бөлген қаржысы НАТО-ның Еуропадағы мемлекеттерінің қорғанысқа бөлген жалпы қаржысының 27 пайызын ғана құрағанын айтады. Зерттеуде орталық Еуропада қорғанысқа бөлінетін қаржының 2,6 пайызға артқаны және бұл көрсеткіш халық санына шаққанда жоғары екені айтылады.

Ресей өткен жылы қорғанысқа бөлетін қаржы көлемін 5,9 пайызға (69,2 миллиард доллар) арттыры, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ пен Қытайдан кейінгі орынға шыққан.

АҚШ өткен жылы қорғаныс шығынын 1,7 пайызға (611 миллиард), Қытай 5,4 пайызға (215 миллиард доллар) арттырған.

XS
SM
MD
LG