Accessibility links

АҚШ Ресейді ЕҚЫҰ бақылаушысының қазасын тергеуге ықпал етуге шақырды


Сепаратистер бақылайтын Донецк облысының Авдеевка кентінде жүрген ЕҚЫҰ бақылаушылары. Украина, ақпан 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Сепаратистер бақылайтын Донецк облысының Авдеевка кентінде жүрген ЕҚЫҰ бақылаушылары. Украина, ақпан 2017 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаның сепаратистер бақылайтын ауданында халықаралық бақылаушы қызметін атқарып жүрген америкалық азаматтың қаза тапқаны туралы хабарға "күйзелгенін" мәлімдеп, Ресейді оқиғаның мұқият тексерілуіне ықпал етуге шақырды. ЕҚЫҰ 23 сәуірде арнайы бақылау жасау миссиясының көлігі сепаратистер бақылауындағы ауданда минаға түсіп қалып, бір қызметкері қаза тауып, екеуі жараланғанын мәлімдеген.

ЕҚЫҰ-ның хабарлауынша, қайғылы оқиғада жараланған екі қызметкер ауруханада жатыр. Украина сыртқы істер министрлігі Азаттыққа АҚШ азаматының қаза тапқанын растады. АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан мәлімдемесінде Вашингтонның америкалық азаматтың қазасынан "есеңгіреп, қамыққанын" айтады.

"Бұл қаза миссия бақылаушылары қандай қауіпті жағдайда да, оның ішінде қауіп-қатер мен қысымға қарамастан жұмыс істейтінін көрсетеді. АҚШ Ресейді сепаратистер ЕҚЫҰ-ның ашық, уақытынан кешікпей, жан-жақты тергеу жүргізуіне рұқсат беруіне ықпал жасауға шақырады" делінген мемлекеттік департамент мәлімдемесінде. Қаза тапқан америкалықтың аты-жөні әзірге аталған жоқ.

ЕҚЫҰ аймақта ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасындағы бітімді бақылау үшін Донбасқа кірген 2014 жылдан бері бірінші рет адам шығынына ұшырап отыр.

XS
SM
MD
LG