Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі деген күдікті ұсталды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) хабарлауынша, 8 сәуірде азаматтарды Сириядағы соғысқа жөнелту үшін үгіт-насихат жүргізу арналарын анықтау бойынша контртеррорлық шаралар аясында Жалал-Абад облысында туған 23 жастағы азамат ұсталған.
Арнайы қызметтің ақпаратына қарағанда, күдікті былтыр шетелде жүргенде халықаралық террорлық топ оны Сириядағы содырларды даярлайтын лагерге баруға көндірген.
Қазір ұсталған күдікті тергеліп жатыр.