Accessibility links

Дания қорғаныс министрлігі "ресейлік хакерлер шабуылдағанын" мәлімдеді


Fancy Bear хакерлер тобының сайты.

Ресейдің арнайы қызметпен байланысы бар хакерлер Дания қорғаныс министрлігінің электрондық почталарын бұзып, екі жыл бойы аңду жасаған болуы мүмкін деп хабарлады қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Berlingske басылымы. Министрлік кибершабуылды Fancy Bear хакерлер тобы жасағанын және оның іс-қимылы АҚШ-тың Демократиялық партиясының серверлеріне жасалған шабуылдарға ұқсас екенін айтады.

Данияның қорғаныс министрі Клаус Хьорд Фредериксен хакерлердің Ресей билігінің орталық органдарымен жәнғе барлау қызметімен "тікелей" байланыста екенін мәлімдеді. Бірақ ол хакерлердің нақты қандай мәліметтерге ие болғанын айтпады.

Данияның әскери барлау қызметі хакерлердің 2015-2016 жылдары алған ақпараттары құпия емесін, бірақ кибершабуылдың өзі елдің ақпараттық қауіпсіздігіне кәдімгідей қауіп төндіретінін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ұрланған ақпараттарды Ресей агенттерді бопсалау үшін пайдалануы мүмкін.

Өздерін Fancy Bear деп атайтын хакерлер тобының АҚШ Демократиялық партиясының, Германия парламенті мен Францияның TV5 телеарнасының серверлерін бұзып кіруге қатысы бар. Бұл топ сонымен қатар ондаған елдердің елшіліктеріне, Аргентина, Түркия, Оңтүстік Корея, Украинаның қорғаныс министрліктері мен НАТО өкілдеріне де хакерлік шабуыл жасаған. Олар Ресей билігімен байланысы бар деп бірнеше рет айыпталғанымен, Кремль айыпты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG