Accessibility links

Ауған қорғаныс министрі мен армия бас штабының бастығы отставкаға кетті


Абдулла Хабиби Ауғанстан қорғаныс министрі болып тұрған кезінде.
Абдулла Хабиби Ауғанстан қорғаныс министрі болып тұрған кезінде.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "Талибан" содырлары үкімет әскерінің базасына шабуыл жасаған соң қорғаныс министрі мен армия бас штабын отставкаға жіберді. Ауғанстан президенті кеңсесінің Twitter-де хабарлауынша, қорғаныс министрі Абдулла Хабиби мен армия бас штабының бастығы Кадам Шах Шахимнің отставкаға кеткені туралы шешім күшіне енген.

Ғанидің баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Шах Хуссаин Мұртазави отставкаға 21 сәуірде "Талибан" содырларының Балх уәлаятының орталығы Мазари-Шариф қаласындағы әскери базаға шабуылдауы себеп болғанын айтады. Ауған әскерилерінің киімін киіп алған "Талибан" содырлары 21 сәуірде ауған сарбаздары база территориясындағы мешітте жұма намазын оқып шыққан кезде база территориясына басып кіріп, оларға оқ жаудырған.

Бір сағатқа созылған шабуылдан нақты қанша адамның қаза тапқаны әзірге белгісіз болып отыр. Кейбір жергілікті шенеуніктер құрбандар саны 130 адамнан асады дейді. Қорғаныс министрлігі құрбандар мен жаралылар саны 100 адам деп хабарлады. "Талибан" содырлары ауған әскери базасына бұрын-соңды адам шығыны мұндай орасан шабуыл жасаған емес.

XS
SM
MD
LG