Accessibility links

Терроризм күдігіне ілінген жеті ақтөбелік қамалды


Ақтөбе полициясы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе полициясы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымын "қолдауға шақырды және оларға қатысты материалдарды таратты" деген күдікпен ұсталған Ақтөбенің 7 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Терроризм айыбы тағылған жеті күдіктіні 2 айға қамау туралы санкцияны Ақтөбе қалалық соты 22 сәуір күні берген. Соттың баспасөз қызметі оларға қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша айып тағылып отырғанын айтады.

2017 жылғы 20 сәуірі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ішкі істер органдарымен бірлесе отырып арнайы операциялар жүргізгендерін хабарлаған болатын.

"Қазақстанда тыйым салынған "ДАИШ халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды. Террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде 11 адам ұсталды" делінген комитеттің сайтындағы хабарламада. Ақтөбе облыстық соты берген мәліметке қарағанда, ұсталғандардың жетеуі - Ақтөбенің тұрғындары.

ДАИШ - "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының араб тіліндегі нұсқасының қысқыртылған атауы.

XS
SM
MD
LG