Accessibility links

Ле Пен "Ұлттық майдан" партиясының жетекшілігінен уақытша кетеді


Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.
Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.

Франция президенттігіне кандидат, әсіре оңшыл Марин Ле Пен "бүкіл француз халқының президенті" болуға талпынып жатқандықтан өзінің "Ұлтық майдан" партиясының жетекшісі қызметінен уақытша кететінін жариялады. Бұл шешімі жайлы ол 23 сәуірде өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде екінші орын алған соң France 2 телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Марин Ле Пен енді 7 мамырда өтетін сайлаудың екінші кезеңінде бәсекеге түседі. Сауалнама қорытындысы бойынша, Ле Пен алғашқы кезеңде өзінен басым дауыс жинаған қарсыласы, центрист Эммануэль Макроннан 24-28 пайызға қалып тұр. Дауыс берудің алғашқы кезеңінде артта қалып қойған социалист Бенуа Хамон мен консерватор Франсуа Фийон жақтастарын Макронға дауыс беруге шақырды. Хамон мен Фийон Ле Пенді экстремизмді жақтаушы деп сипаттайды.

Франция президенті Франсуа Олланд да Макронды қолдайтынын білдірді.

XS
SM
MD
LG