Accessibility links

Ресейде қызы рұқсат етілмеген акцияға қатысқан әйелге айыппұл салды


Мәскеудегі коррупцияға қарсы шеру. Ресей, 26 наурыз 2017 жыл.
Мәскеудегі коррупцияға қарсы шеру. Ресей, 26 наурыз 2017 жыл.

Ресей соты 17 жастағы студент қызы 26 наурызда коррупцияға қарсы маршқа қатысқан әйелге айыппұл салды. Колледж студенті Софья Мурзинаның адвокаты Елена Макарова Meduza ақпараттық порталына Мурзинаның рұқсат етілмеген митингіден кетіп қалудан бас тартқаны үшін бейбіт жиын өткізу туралы заңды бұзды деп айыпталғанын хабарлады.

Свердловск облысының соты Мурзинаның өзі тұрақты табыс таппайды деп, анасы Татьяна Липовецке 10 мың рубль айыппұл салды.

26 наурызда оппозициялық белсенді әрі коррупциямен күресуші Алексей Навальныйдың үндеуімен өткен наразылық митингілері Ресейде 2011 және 2012 жылдардан бері ұйымдастырылған марштардың ішіндегі ең ауқымдысы болды. Ол митингілерге мыңдаған жас ресейліктер қатысты.

XS
SM
MD
LG