Алматы полициясы метроға бомба қойылғаны туралы жалған хабарды жасөспірім таратты деп күдіктенеді. Полиция күдікті деп таныған Алматы облысының Сарқанд кенті тұрғынының аты-жөні мен жасын айтпайды.
24 сәуір күні кешке қарай Алматыда метро жұмысы тоқтатылып, барлық станциялардан жолаушылар эвакуацияланған. Полиция бұған метроға бомба қойылғаны туралы хабар себеп дейді.
Қалалық коммуналдық "Метрополитен" мекемесінің ақпараты бойынша, 24 сәуір күні кешкі сағат 7 шамасында ішкі істер департаментіне метроға бомба қойылғаны туралы анонимді хабар түскен. Полиция станцияларды тексеріп шыққан соң бомба қойылғаны туралы ақпардың расталмағанын хабарлаған. Метро қайтадан қалыпты жұмыс істей бастады.