Қазақстанның қылмыстық кодексіне елдің азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалатын 21 бап енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада үкіметте заңдарды конституцияға енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру туралы заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
Қазақстанның қылмыстық кодексіне елдің "өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру" және "аса ауыр террористік қылмыстар жасауға" қатысты азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындау бұған дейін ұсынылған.
Бекетаевтың сөзіне қарағанда, заңнаманы конституциямен сәйкестендіру мақсатында жеті кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгузі қажет. Оның ішінде қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындау ұсынылып отыр. Министрдің ақпараты бойынша азаматтықтан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар санатында терроризм актісі, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, жалдамалылық, Қазақстан президентінің өміріне қол сұғушылық, адамды кепілге алу, геноцид, экоцид, сепаратистік әрекет, экстремистік топ құру және оған басшылық ету, мемлекетке опасыздық жасау сияқты қылмыстар бар.
Ол заңға енгізілетін өзгерістер "саяси құралға айналмайтынын", "саясаттың қатысы жоғын" айтты.
- Азматтықтан айыру жазасынан қайтар жол жоқ, яғни азаматтықтан айырылған адам "азаматтығы жоқ тұлға" деген статуспен өмір сүреді және оны қайта қалпына келтіру қарастырылмаған, - деді Бекетаев.
Заң жобасы енді парламентке жолдануы тиіс.