Accessibility links

Интернат тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан біріншілігі басталды


Жетім балалар мен мектеп-интернет тәрбиеленушілері арасындағы футболдан бесінші Қазақстан біріншілігінің ойыны. Алматы, 25 сәуір 2017 жыл.
Жетім балалар мен мектеп-интернет тәрбиеленушілері арасындағы футболдан бесінші Қазақстан біріншілігінің ойыны. Алматы, 25 сәуір 2017 жыл.

Алматыда бүгін орталық стадионда жетім балалар мен интернат тәрбиеленушілерінің арасындағы "Арманыңа жақында" деп аталатын футболдан бесінші Қазақстан біріншілігі басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, біріншілікке 11 облыстан барлығы 26 команда қатысады. Жарысқа 11-14 жас аралығындағы балалар қатысып жатыр.

Жеңіске жеткен команда биыл тамызда Лондонға "Челси" командасының базасына барып, футболшыларымен кездеседі, шағын жаттығу өткізеді.

Бұған дейін төрт рет өкізілген біріншілікте жеңімпаз болған командалар "Милан", "Барселона", "Атлетика" және "Бавария" командаларының базаларына барып қайтқан.

Бірнеше кезеңнен тұратын біріншілік маусым айында аяқталады. Ақтық ойын маусымда өтеді. Жеңімпаз команда тамызда Ұлыбританияға барады.

XS
SM
MD
LG