Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) еріктілер Қазақстанның жеті аймағында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жібере бастады.
Көмек акциясын облыстық "Жастар ресурстық орталығы" мен еріктілер ұйымдастырған. Арнайы штаб құрылып, жүзге жуық ерікті жастар көмек акциясын әлеуметтік желі арқылы өткізіп жатыр.
Акцияға облыстағы барлық аудан мен қалалардың тұрғындары қатысып жатыр.
Бүгінгі күнге дейін киім-кешек және азық-түлікпен қоса арнайы ашылған есепшотқа қаражат та жиналған.
ОҚО "Жастар ресурстық орталығының" басшысы Береке Дүйсебековтың айтуынша, акцияны өткізуге жастар үндеген. Қазір оқу орындарының студенттері де белсенділік танытып жатыр. Азық-түлік, киім-кешектен бөлек қолма-қол немесе жәшіктерге және есепшотқа салынған қаражатты арнайы құрылған комиссия есептеуде.
Қазіргі уақытқа дейін жиналған киім-кешек пен азық-түлік Шымкенттен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнетілді.