Accessibility links

Ауыр атлет Альберт Линдер - Азия чемпионы


Альберт Линдер.
Альберт Линдер.

Ауыр атлетикадан Түркменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Альберт Линдер 69 килограмда алтын алды. Бұл - Қазақстанның Ашхабадтағы жарыстағы алғашқы медалі.

Линдер жұлқа көтеру және серпе көтеру бойынша 335 кг салмақты көтерді. Күмісті солтүстік кореялық О Канг Чой (331 кг), қоланы қытайлық Лвдонг Фенг (325 кг) иеленді.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Ашхабадта алғаш рет өтіп жатыр. Бұл жарыс қыркүйекте Түркменстан астанасында өтетін жабық алаңдағы Азия ойындары алдындағы тесттік жарыс саналады.

Ауыр атлеттер жарысы 29 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG