Accessibility links

АҚШ-тың соңғы үлгідегі әскери ұшақтары Эстонияға жаттығуға барды


Эстонияның әуе базасында тұрған F-35 әскери ұшағы мен америкалық әскерилер. 25 сәуір 2017 жыл.
Эстонияның әуе базасында тұрған F-35 әскери ұшағы мен америкалық әскерилер. 25 сәуір 2017 жыл.

Америкалық ең заманауи екі F-35 жойғыш әрі бомбалаушы ұшағы Эстонияға ұшып барды. Мұнда ұшақтарды америкалық ұшқыштар бірнеше апта бойы оқу-жаттығуға қатысады.

АҚШ пен оның одақтастары соңғы үлгідегі, радарға түспейтін ұшақтардың Еуропаға уақытша келуін символдық мәні бар акция деп санайды. "Ұшақтарды Еуропада жаттығу мақсатында пайдалану ұшқыштардың Еуропа аймағында әрекет ету жағдайымен танысуына мүмкіндік береді және одақтастар мен серіктестерді АҚШ-тың бұл аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау уәдесіне берік екеніне сендіреді" делінген АҚШ-тың Еуропадағы әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде. Эстонияның қорғаныс министрі Маргус Тасхкна Вашингтонның бұл қадамын "одақтастармен бірліктің көрінісі" деп атады.

Америкалық дереккөздерінің мәліметінше, ұшақтар жаттығу кезінде түрлі маневрлерден өзге Ресейдің Балтық елдерімен шекарасында орналасқан радарларынан жасырына алатын артықшылықтарын да көрсетеді.

XS
SM
MD
LG