Accessibility links

БҰҰ: Йеменде аштықтың алдын алуға қосымша қаржы керек


БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерреш Женевада өтіп жатқан донор елдердің конференциясында. 25 сәуір 2017 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерреш Женевада өтіп жатқан донор елдердің конференциясында. 25 сәуір 2017 жыл.

Женевада ашылған донор елдердің конференциясында БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Йемендегі аштықты болдырмау үшін қосымша қаржы керегін мәлімдеді. Ол сонымен қатар соғысып жатқан тараптарды гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беруге шақырды. БҰҰ Йеменге биыл 1,2 миллиард доллар қажет дейді. Гутерриштің сөзінше, әзірге бұл соманың 15 пайызы ғана бөлінген. Ол Йеменде әр он минутта емделуге болатын сырқаттан бес жастан кіші бір бала көз жұматынын мәлімдеді.

Йеменде көтерілісші хуситтер мен үкімет күштері арасындағы екі жылға созылған соғыстан кем дегенде 10 мың адам құрбан болды. Йемен билігін Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің коалициясы қолдайды. Коалиция Йемен территориясын күн сайын дерлік бомбалайды. Гутерриштің сөзінше, Йемен халқының үштен екісі - 19 миллионға тарта адам көмекке зәру. Ол соғысып жатқан тараптарды бейбіт келіссөзге және "құрлықпен, теңіз және әуемен кедергісіз әрі жылдам гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетуге" тағы да шақырды.

Йемен премьер-министрі Ахмед Обид Бин Дагр елдің бір бөлігіне ғана бақылау жасайтын үкіметі гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат беретінін мәлімдеді. "Біз көмек жеткізу үшін жаңа дәліздер ашуға дайынбыз" деді ол.

Женева конференциясында Сауд Арабиясы 150 миллион, Кувейт 100 миллион доллар, Германия 50 миллион, АҚШ 94 миллион еуро бөлуге уәде берді.

XS
SM
MD
LG