Accessibility links

Хаменеи: Иран экономикалық өсімде Батыстың көмегіне сүйенбеуі тиіс


ИРанның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мұсылман елдерінің елшілерімен кездесуде. Тегеран, 25 сәуір 2017 жыл.
ИРанның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мұсылман елдерінің елшілерімен кездесуде. Тегеран, 25 сәуір 2017 жыл.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи президенттікке кандидаттарды Иранның экономикалық өсімін Батыстың көмегіне сүйенбей арттыруға көңіл бөлуге шақырды. Ол осылайша президент Хассан Роуханидің экономикалық өсімге сыртқы сауда және шетел инвестициясы арқылы қол жеткізу саясатынан бас тартты. Тегеранда мұсылман елдерінің елшілерімен кездескен Хаменеи "Кандидаттар экономикалық проблемаларды шешуде шетелге көз салмай, мемлекеттің өз мүмкіндіктеріне сүйенетіні туралы уәде беруі тиіс" деді. Ол Батыстың "Иранмен күресетінін", себебі "ислам олардың мүдделеріне кедергі келтіріп отырғанын" да айтты.

Хаменеидің қатаң саясатты қолдайтын жақтастары халықаралық санкциялар жойылғанына қарамастан экономиканың баяу өсімін прагматик Роуханиді кінәлап, президенттік қызметке қайта бақылау жасағысы келеді.

Иран 2015 жылы ядролық бағдарламасын шектеу туралы әлемдік державалармен келісім жасасқаннан бері инфляция деңгейі төмендеп, экономикалық өсім 7,4 пайызға жетті. Дегенмен, Халықаралық валюта қорының бағалауынша, экономиканың мұнайдан өзге көп саласында өсім 0,9 пайызды ғана құрап отыр.

Роуханидің басты қарсыласы, ықпалды діни қайраткер Ибрагим Раиси жылына 1,5 миллион жұмыс орнын ашуға уәде берді. Тағы бір кандидат, Тегеран мэрі Мухаммад Бакир Калибаф бес миллион жұмыс орнын ашатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG