Accessibility links

ЕҚЫҰ Донбаста бақылаушылар көлігінің жарылу оқиғасын тексере бастады


Ламберто Заньер, ЕҚЫҰ бас хатшысы.

ЕҚЫҰ Украинаның шығысында бақылаушылар миссиясының көлігі минаға түсіп жарылған оқиғаны ішкі тексеруді бастады. БҰҰ бас хатшысы Ламберто Заньердің Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуден соң мәлімдеуінше, сонымен қатар оқиғаға қатысы барларды анықтау үшін өзге де тергеу жүргізіледі.

23 сәуірде сепаратистер бақылайтын Луганск облысында келе жатқан ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясының көлігі минаға түсіп жарылып, салдарынан көлікте болған америкалық медик Джозеф Стоун қаза тауып, Германия мен Чехияның екі азаматы жараланған. "Мен ішкі тексеру жүргізуге пәрмен бердім. Сонымен бірге оқиғаға кім кінәлі екенін анықтау үшін қылмыстық тергеу жүргізіледі. Минаны бейбіт тұрғындар да жүретін жолға қалдырып кеткен. Ол басқа да адам шығынына әкеліп соқтыруы мүмкін еді" деді Заньер.

Оның сөзінше, Мәскеу Украинаның шығысында ЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді қолдайды. Бақылаушылар миссиясы үкімет әскері мен Донецк және Луганск облыстарындағы Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы бітімнің сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылған.

Украинаның шығысында 2014 жылы сәуірде басталған қақтығыстан 10 мыңға тарта адам құрбан болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG