Accessibility links

Украина Луганск облысына электр қуатын жеткізуді тоқтатты


Всеволод Ковальчук, Украинаның "Укрэнерго" компаниясының басшысы.

Украинаның мемлекеттік "Укрэнерго" компаниясы Луганск облысының Ресей қолдайтын сепаратистер бақылауындағы аудандарына "қарыз" деген себеппен электр қуатын беруді тоқтатты. Компания басшысы Всеволод Ковальчук Facebook-те 25 сәуірде Луганск облысының "үкіметтің уақытша бақылауында емес" аймақтарына электр қуатын жеткізудің бір мезетте толық тоқтатылғанын жазды.

Ресей украиналық компанияның бұл шешіміне наразылық танытып, электр қуатын таратуды тоқтатудың "саяси астары барын" және ол Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы бейбіт келісімді бұзатынын мәлімдеді.

Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында Ресей қолдайтын сепаратистер мен үкімет әскері арасында 2014 жылдың сәуірінде басталған соғыстан 10 мыңға тарта адам қаза тапты. Украина сонымен қатар 2015 жылы Луганскінің сепаратистер бақылайтын аудандарына "төленбеген қарызы бар" деп газ жеткізуді де тоқтатқан. Киев аймақ электр қуаты үшін 2,6 миллиард гривень (97,67 миллион доллар) қарыз дейді.

Украина наурыз айында сепаратистер бақылайтын аудандармен сауда жасасуға блокада қойған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG