Accessibility links

Белградта өзен жағасындағы құрылыс жобасына қарсы шықты


Қаладағы өзен жағалауына құрылыс салу жобасына қарсылық акциясы. Белград, Сербия, 25 сәуір 2017 жыл.
Қаладағы өзен жағалауына құрылыс салу жобасына қарсылық акциясы. Белград, Сербия, 25 сәуір 2017 жыл.

Сербияның астанасы Белградта 25 сәуірде мыңдаған адам қарсылық акциясына шығып, үкіметтен қаланың орталығында Сава өзенінің жағалауына салынатын, бірнеше миллиард долларды құрайтын құрылыс жобасын тексеруді талап етті. Сава өзенінің жағалауындағы тұрғын үйлер, қонақүйлер мен сауда орындары салынатын орында демонстранттар оппозицияның "Белградты су түбіне жібермейміз" деген ұранының белгісі - "сары үйрек" макетін ұстап шықты.

Наразылар өткен жылы тұрғындар назары сол кезде өтіп жатқан парламент сайлауына ауған уақытта маска киген адамдардың түнгі уақытта өзен жағасындағы ғимаратты сүріп тастаған оқиғасын тергеуді талап етті. Құрылыс жобасын сынайтындар билік халықтың пікірімен санаспады дейді.

Биліктің ұйғарымынша, үш миллиард долларға бағаланған жобаға сай Белград туристік орталыққа айналуы тиіс. Билік жобаны Дубайда орналасқан Eagle Hills компаниясымен бірлесіп жасап жатыр.

Жобаға қарсылар ғимаратты сүру оқиғасын тексеруді талап етіп, бірнеше рет үкіметке қарсы митингілер өткізген. Құрылыс жобасына қарсылар жобаны іске асыруға тендер жарияланбағанын айтып, жобаның елдегі экономикалық мақсатқа сай келетініне күмән келтіреді. Сербияда жұмыссыздық деңгейі тым жоғары, ал орташа жалақы шамамен 400 еуроны құрайды.

XS
SM
MD
LG