Accessibility links

Хизер Нойерт АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы болды


Хизер Нойерт, АҚШ мемлекеттік департаментінің жаңа баспасөз хатшысы.
Хизер Нойерт, АҚШ мемлекеттік департаментінің жаңа баспасөз хатшысы.

АҚШ мемлекеттік департаменті Хизер Нойерттің департаменттің баспасөз хатшысы болып тағайындалғанын жариялады. 47 жастағы Нойерт Fox News телеарнасындағы Fox and Friend таңғы бағдарламасының тілшісі әрі жүргізушісі болған. Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, Нойерт АҚШ-тағы төрт президент сайлауы кампаниясы мен инаугурацияларынан хабар таратуға қатысқан, Орландо, Сан-Бернардино мен Бостондағы терактілермен байланысты оқиғалардан хабар таратқан.

Нойерт мемлекеттік департаментке жургізуші және тілші ретінде 15 жылдан астам уақыт тәжірибе жинап келіп отыр. Ол шетел және АҚШ-тың өз ішіндегі жаңалықтарды, оның ішінде 11 қыркүйектегі терактіні, Ирактағы соғысты, Дарфурдегі (Судан) геноцидті хабарлаған.

Хизер Нойерт Fox News-тегі қызметіне дейін ABC телеарнасының тілшісі болған. Оның телеарнаға дайындаған хабарларының бірі - Ирактағы соғыс кезіндегі жасөспірім қыздар туралы хабары "Эмми" сыйлығына ұсынылған.

XS
SM
MD
LG