Accessibility links

RWB: Қазақстан сөз бостандығы нашар елдер тізімінен әлі шыққан жоқ


"Шекарасыз тілшілер" ұйымының әлемдегі сөз бостандығы ахуалын зерттеу картасы.

Қазақстан әлемдегі баспасөз еркіндігі рейтингісінде "баспасөзі еркін емес" елдер тобында әлі тұр деп хабарлады "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders - RWB) халықаралық ұйымы. RWB әлемдегі 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз еркіндігі жөніндегі есебінде Қазақстанның үш саты - 160-орыннан 157-орынға көтерілгенін, бірақ бұл "өзге көптеген елдердегі сөз бостандығы жағдайының нашарлағаны есебінен мүмкін болғанын" айтады.

Зерттеу авторлары Қазақстанда 2013 жылдан бері негізгі оппозициялық басылымдарға тыйым салынды және жаңадан ашылған тәуелсіз ақпарат құралы айыппұл салынып, бірнеше ай ішінде міндетті түрде жабылып тынады дейді. "Журналистер жиі қамауға алынады. Интернет жаппай аңду, блогерлерді түрмеге жабу, ақпараттық сайттарға, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кіруді шектеу арқылы толық бақылауда" делінген есептің Қазақстанға арналған бөлігінде.

Парижде орналасқан ұйым есебінде сөз бостандығына авторитарлық басқарудағы мемлекеттермен бірге әдетте демократияның үлгісі саналатын елдерде де қауіп төне бастады дейді. RWB есебінде баспасөз еркіндігін шектеу "құзыреті" авторитарлық режимдер мен диктатураларға ғана тән болудан қалып бара жатқанын ескертеді. Ұйым баспасөз бостандығы жағдайы әдетте "жақсы" немесе "жаман емес" деп саналып келген кейбір елдердің позициясы нашарлап, журналистердің еркіндігі ахуалы нашарлай бастағанда "демократия үлгісі" деп танылмайтын болды дейді.

"Дәстүрлі түрде баспасөз бостандығын өзінің негізін қалайтын бір бөлшегі деп санаған демократиялық елдер әлемдегі өзгелер үшін үлгі болып қала беруі тиіс. Демократиялық елдер өз азаматтарын қорғау қажеттігінен бұл фундаменталдық еркіндікті бұзса өз бағытынан айырылады" дейді RWB бас хатшысы Кристофер Делуар.

2002 жылдан бері жарияланатын индекске 180 мемлекет енгізілген. Индексте мемлекеттердің плюрализм, БАҚ пен заңнама тәуелсіздігі және журналистердің қорғалу көрсеткіштері қамтылған.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG