Accessibility links

ЕО Қырғызстанды сайлауды ашық өткізуге шақырды


Қырғызстан мен Еуропа Одағының тулары (Көрнекі сурет).
Қырғызстан мен Еуропа Одағының тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының (ЕО) Орталық Азия мәселелері бойынша арнайы өкілі Петер Буриан ЕО Қырғызстан билігіне реформалар жүргізуде қолдау көрсету ниетіне берік екенін мәлімдеді. Бұл туралы Буриан 24-25 сәуірде Қырғызстанға жасаған сапарында айтты.

ЕО елшісінің сөзінше, сапар барысында ол ЕО-ның Қырғызстанда әділ және ашық сайлау өтуіне, мықты азаматтық қоғам мен еркін баспасөздің қызмет етуіне мүдделі екенін тағы да нығарлай түскен. ЕО өкілі Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясының басшысы, сыртқы істер министрлігінің басшылығы және парламент депутаттарымен, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Қырғызстанда президент сайлауы 2017 жылы күзде болады деп жоспарланып отыр. Ел конституциясы бойынша, сайлау қарашаның үшінші жексенбісінде өтуі тиіс. Бірақ парламентте сайлау күнін қазан айына ауыстыру туралы заң жобасы қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG