Accessibility links

"Әл-Қаидаға" қатысты топ Петербургтегі жарылыс жауапкершілігін мойнына алды


Санкт-Петербург метросы. 3 сәуір 2017 жыл.
Санкт-Петербург метросы. 3 сәуір 2017 жыл.

Санкт-Петербург метросында 3 сәуірде болған терктінің жауапкершілігін "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Имам Шәміл батальоны" деп аталатын топ мойнына алды. "Имам Шәміл батальонының" бұл туралы мәлімдемесі Батыс және Солтүстік Африкадағы исламшыл топтар мәлімдемелерін таратып тұратын Мавританиядағы ANI ақпарат агенттігінде жарияланды. Топ жанкештінің "Әл-Қаиданың" бұйрығымен жарылыс жасағанын айтады.

Мәлімдемеде жанкешті Акбаржон Джалиловтың "Әл-Қаида" жетекшісі Айман әл-Зауахиридің нұсқауы бойынша әрекет еткені айтылады.

Ресейлік тергеушілер жарылысты Қырғызстанда туған 22 жастағы Ресей азаматы Акбаржон Джалилов жасады дейді. Жарылыстан 16 адам қаза тауып, 50-ге тарта адам жараланған. Мерт болғандар арасында Джалилов та бар.

Ресей билігі терактіге қатысы бар деген күдікпен Орталық Азия елдерінің 10 азаматын ұстағанын және шабуылды "кім ұйымдастырғанын анықтағанын" хабарлағанымен, күдіктінің аты-жөнін жариялаған жоқ.

"Имам Шәміл батальоны" тобының атауы оны Ресейдің мұсылмандар басым тұратын Солтүстік Кавказ аймағымен байланысы бар адам құрған болуы мүмкін дегенге меңзейді.

Имам Шәміл 19-ғасырда Дағыстан мен Шешенстандағы Ресей патшалығының әскеріне қарсы көтерілістің жетекшісі болған.

XS
SM
MD
LG